«Болашағы Біртұтас Ұлт - қазақстандық бірегейліктің іргелі құндылықтары мен нышандары»

2015 жылдың 3-ші маусымында Философия және саясаттану факультетінде «Болашағы Біртұтас Ұлт - қазақстандық бірегейліктің іргелі құндылықтары мен нышандары» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараға жетекші ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік құрылымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен сарапшылары, факультет оқытушылары мен студенттері қатысты.

Конференцияны факультет деканы, профессор Масалимова А.Р. ашты. Ол өз сөзінде конференцияның Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынған бес институционалдық реформаларды жүзеге асырудың концептуалдық аспектілерін талқылаудағы маңызын атап өтті. Құттықтау сөзімен универ­ситеттің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры, профессор Ш.Е. Жаманбалаева, Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы С.О. Боқаев сөйледі. Сонымен қатар, пленарлық мәжілістің отырысында «Мысль» журналының бас редакторы С.Р. Құттыкадам, Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры, профессор А.Т. Құлсариева, Казақстандық гуманитарлы-саяси конъюктура орталығының президенті Е.Қ. Алияров, профессорлар К.Ү. Биекенов, Абсаттар Р.Б. және Д.Ө. Құсайынов өзекті тақырыптар аясында баяндама жасады.

Конференцияның жұмысы келесі бағыттардың аясында жалғастырылды: «100 қадам - бес реформаны жүзеге асыру жоспары», «Қазіргі замандағы бірегейліктің психологиялық мәселелері», «Ұлттық бірегейлік пен Мәңгілік ел идеяларының білім беру мазмұнында көрініс табуы», «Қазіргі замандағы этно-діни және мәдени сәйкестендіру», «Қазақстан жастарының құндылықтары мен бірегейлігі».

Конференция пікір алмасу және қорытынды шығарумен аяқталды.

 
 

Басылым күні :  04.06.2015