Дінтанулық энциклопедиялық сөздік: концепция, құрылымдық ерекшеліктері мен өзекті мәселелері

Философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасында “Дінтанулық энциклопедиялық сөздік” ғылыми зерттеу жобасы аясында 15.05.2015ж. сағ.15-те (121ауд.) “Дінтанулық энциклопедиялық сөздік: концепция, құрылымдық ерекшеліктері мен өзекті мәселелері” атты дінтанулық энциклопедиялық сөздіктің құрылымдық ерекшеліктері мен концептуалдық негізі мен басқа да өзекті мәселелерге арналған ғылыми семинар өткізілді.

Бұл іс шараға дінтанушылар, философтар мен филологтар, кезінде Қазақ энциклопедиясының бас редакторы қызметін атқарған филос.ғ.д., академик Нысанбаев А.Н., профессор философтар Нұрмұратов С.Е, Бегалинова К.К., Котошева К., Дабжанова Ж.Б. (ҰҚК академиясы), Заманбеков Д.Ш., Алматы қалалық діни істер басқармасынан Чалданбаев А.Н., Таджикова К.Х., арабтанушы, фарабитанушы, филолог проф. Салқынбай Анар сияқты білікті мамандар, барлық жобаға қатысушылар, дінтанушы докторанттар мен магистранттар қатысты.

Ғылыми семинар барысында жоғарыда аталған мәселе төңірегінде пікір, тәжірибе алмасу іске асып, нақтылы ұсыныстар жасалды. Ғылыми семинарды жоба жетекшісі проф. Байтенова Н.Ж. басқарып, Дінтанулық энциклопедиялық сөздіктің құрылымдық ерекшеліктері мен концептуалдық негізі туралы нақтылап, оның өзіндік айрықшалығына арнайы тоқталды

 

Басылым күні :  22.05.2015