«Заманауи Қазақстандық отбасы: мәселелері мен болашағы»

2015 жылдың 12 мамырында Халықаралық отбасы күніне арналған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану факультеті мен Гендерлік білім беру Орталығы бірлесе отырып, Қазақстан және Орталық Азия отбасы институты және "Отбасым" ұлттық құндылықтар Орталығының қатысуымен «Заманауи Қазақстандық отбасы: мәселелері мен болашағы» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар:

Отбасыларға көмек көрсетумен айналыатын 13 қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен жетекшілері, ғалым-зерттеушілер, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазМемҚызПУ, Алматы менеджмент университеті (ALMAU), Халықаралық Бизнес Университеті (UIB) оқытушылары, Алматы қ. Әкімшілігінің Жастар саясаты мәселелері бойынша басқарма өкілі, «Қазақ университеті» баспа үйінін, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кітапханасының іскерлері, француз журналы өкілдері, студенттер қатысты.

Дөңгелек үстел мақсаты: отбасылық психологиясы саласындағы ғылыми зерттеулер мен практиктердің күштерін біріктіру және зерттеулер жүргізу үшін қоғамдық ұйымдардың белсенділерімен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету, қазақстан қоғамында отбасы институтын үйлесімді дамыту бойынша кешенді бағдарламалар құру. Отбасы саласындағы ғылыми зерттеулер мен оқыту бағдарламаларын ЖОО енгізу «2050 Стратегиясын» табысты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.

Дөңгелек үстел барысында отбасы институтының дамуы, қоғамдағы отбасы құндылықтарының рөлі, отбасылық қатынастар туралы ойлар мен нормалардың өзгеруі, отбасы, гендерлік қатынастар, сексуалдылыққа қатысты өте өзекті мәселелер талқыланды. Машықтанған (практик) мамандар отбасылық медиация, отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету, психологиялық кеңес берудің тиімді технологияларын мәлімдеді. Отбасылық тәрбиенің білім беру бағдарламасын дамытуда, шешім қабылдаудың жаңа технологияларын ақпараттық құралдар арқылы жарыққа шығаруда, отбасының өзекті мәселелерінің шешілуі мен терең зерттелуінде университеттік ғалымдар мен оқытушылардың, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың күшін біріктірудің маңыздылығы аталып өтілді.

Дөңгелек үстел аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың "«Қазақ университеті» баспа үйі және Ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен кітаптар көрмесі өтті.

Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ деканы, профессор Масалимова А.Р., ГББО мүшелері – профессор Шеденова Н.У., профессор Жаназарова З.Ж., профессор Қылышбаева Б.Н., доцент Кабакова М.П., доцент Шагырбаева М.Д.

 
   
   
   
   

Басылым күні :  14.05.2015