«Мен және менің мотивациям» тақырыбында онлайн-кездесу

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ тіл білімі» мен «Жалпы және қолданбалы психология» кафедралары 2021 жылдың 15 ақпан күні «6В02305 – Қазақ филологиясы» мамандығы 1 курс студенттерімен «Мен және менің мотивациям» тақырыбында онлайн-кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – онлайн білім алудағы студенттердің психологиялық жай-күйін талдай отырып, пандемия жағдайында білім алуға бейімделу мәселелерін анықтап, оларды шешу жолдарын көрсету. Кездесуде «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының аға оқытушысы Лиясова Айгүл Амангелдіқызы пандемия жағдайында білім алудың студенттер психологиясына әсері, энергия көздері, мотивация алу тәсілдері, уақытты басқару, стресске төзімділікті арттыру жолдары, оң ойлау қағидаттары жайлы дәріс оқып, пайдалы ақыл-кеңестерін ұсынды. Студенттер кездесуден өте қажетті ақпараттар алғандығын айтып, ризашылықтарын білдірді.

 

 

 

 

Басылым күні :  17.02.2021