Жүректен-жүрекке

13 сәуір күні жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы Борбасова Гүлнұр Нұрсайынқызының ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Жүректен-жүрекке» атты ашық сабақ өткізілді, іс-шараға Филология факультетінің Қолданбалы қазақ тіл білімі мен Әдебиеттану мамандықтарының 1 курс студенттері қатысты.

Ашық сабақ мақсаты:

 

  • Адамдардың бойындағы мейірімділікті арттыру
  • Топтағы бірлікті арттыру

 

Іс-шарамызды жылы сөз айту ойын жаттығуымен бастадық. Еліміздегі ата-ана қорғауынан айырылған балалар жайлы, осы заман қиындықтары жайлы жайлы ой толғанды. Қамқорлық жайлы өте әсерлі видеолар көрсетіліп, презентациялар қорғалды.Ол әр студенттің бойында жылулықты оятты. Сондықтан бір –бірімізге әрдайым жылы сөз айтып, мейірімділік көрсетіп жүруіміз қажет деген ой толғаулармен бөлістік.

Ашық сабақ барысында жыр долдары оқылды, өнерлі студенттер домбырамен қазақ тілімізде әндер шырқалды. Пікір талас барысында студенттердің Отанына, еліне, жеріне,әр отбасына деген сүйіспеншіліктері айқын көрінді. Сауалнама жүргізіліп, профилактикалық ойын ойнатылды. Тақырып толығымен ашылып, студенттер рухани күш жігер,мейірімділік жайлы керемет ой түйіндемелерін алды.

 

 

 

Басылым күні :  27.04.2023