Тұлғалық өсу, қарым-қатынас және іскерлік қасиеттерді дамыту

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ұйымдастыруымен «Тұлғалық өсу, қарым-қатынас және  іскерлік қасиеттерді дамыту» тақырыбында психология мамандығының 2-курс студенттерінің қатысуымен тренингтік сабақ өтті. Тренингтік сабақта студенттер «Сәтті адам  бұл мен» тақырыбы аясында кеңінен талқылау жүргізді. Сабақтың мақсаты студентердің өз қабілеттеріне сенімділігін арттыру, жаңа оқиғаларды бастан кешіруден қорықпауға және қиындықтарды жеңу қабілетін арттыруға бағытталды. Сонымен қатар сабақ барысында студенттер бір-біріне жағымды сөздер мен мақтаулар айтып, өздерінің “мықты жақтарымен” бөлісті. Сол арқылы студенттердің өзін-өзін және жанындағы адамдардың жағымды жақтарын көбірек байқап, өз ойларында өздерінің “Сәтті адам – бұл мен” ұғымын қалыптастыру. Осы мақсат пен міндет аясында тренингтік сабақтардың ұйымдастырушылары ретінде педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Тленчиева Н.С., «Психология» мамандығының 1-курс магистранттары Усербай Медина, Орынбек Әсем өз үлестерін қосты.

 

 


Басылым күні :  20.04.2023