Тиімді коммуникация – мәселені шешу жолдары

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, “Философия және саясаттану” факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы педагогика ғылымдарының кандидаты Тленчиева Н.С. және «Психология» мамандығының  1-курс магистранттары Дарибаев Дильшат, Жасталапова Маликаның ұйымдастыруымен «Тиімді коммуникация – мәселені шешу жолдары» тақырыбында психология мамандығының 2-курс студенттерінің қатысуымен 13 сәуір 2023 жылы тренингтік сабақ өткізді. Тренинг барысында топ ішіндегі коммуникацияны нығайту, тиімді командалық өзара әрекеттесуді құру бойынша техника-жаттығулар жүргізілді.

Тренингтің мақсаты қатысушылардың тиімді қарым-қатынас жасау қабілетін жақсарту, қатысушыларға бір-бірін жақсы түсінуге және мәселелерді сәтті шешуге мүмкіндік беретін қарым-қатынас дағдыларын дамытуға көмектесу. Тыңдау қабілетін дамыту қарым-қатынастың маңызды бөлігі болып есептеледі, ол тыңдай білу дағдысымен қалыптасады. Тренинг қатысушыларға қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруге және сындарлы форматта мәселелерді шешуді үйренуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар тренинг қатысушылардың жеке дамуы үшін де, жалпы команда мен ұйымның жетістігі үшін де айтарлықтай пайда әкелді деп үміттенеміз.

 

 

Басылым күні :  19.04.2023