Қазіргі әлемдегі әдебиет

24 қарашада Алматыдағы орыс әдебиеті апталығы аясында әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті кітапханасының алаңында ҚазҰУ-нің орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасы Аударма институты (Мәскеу қ.) мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің Түркология және алтаистика ҒЗИ-мен бірлесіп ұйымдастырған «Әдебиет және қазіргі әлем» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Заманауи әлем әдебиетке көптеген жаңа сын-қатерлер қойып отыр. Қарқынды өзгеріп атқан қазіргі заманды түсіну де, тіпті ол туралы жазу да оңай шаруа емес. Филология факультетінің студенттері мен оқытушылары алдында қаламгер шеберлер – Анастасия Строкина, Гузель Яхина, Олег Шишкин дәл осы туралы сөз қозғады. Ресей жазушылары әдебиеттің бүгіні мен болашағы туралы ой-пікірлерін ортаға салса, Аударма институтының атқарушы директоры Евгений Резниченко орыс әдебиетін әлемге таныту жайында айтып өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасының директоры Сикинбаева Ақбөпе Бердиевна құттықтау сөз сөйледі. Ол Аударма институтының көмегі мен ынтымақтастығы арқасында Ресей жазушыларымен мұндай халықаралық кездесулер дәстүрге айналатынына сенім білдірді.

Кездесу барысын филология ғылымдарының докторы, орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының профессоры, әл-Фараби ат. ҚазҰУ Түркология және алтаистика ҒЗИ-нің атқарушы директоры Н.Ж. Шаймерденова және орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының доценті, "ALTAIR" Балалар кітабы академиясының директоры Д.Б. Аманжолова жүргізді.

Кездесу оффлайн және онлайн (басқа ЖОО-ның студенттері мен оқытушылары үшін) форматта өтті. Кездесуге қатысушылар барлық баяндамашыларды зор ықыласпен тыңдады, қонақтарға жазушылардың шығармашылығы, әлемдік және орыс әдебиетіндегі үрдістер туралы және т.б. сұрақтар қоя алды.

Кездесу соңында әл-Фараби ат. ҚазҰУ кітапханасына кездесуді еске алу мақсатында кітаптар сыйға тартылды, сонымен қатар барлық қатысушыларға жазушылардан қолтаңба алу мүмкіндігі берілді.

 

Қатысушы-спикерлердің өмірбаяндық анықтамасы:

Гузель Яхина сериал форматында экранға түсірілген "Зулейха көзін ашады" романының арқасында танымал болған орыс жазушысы. Кейінірек ол "Менің балаларым" және "Самарқандқа эшелон" романдарын басып шығарды.

Анастасия Строкина балалар жазушысы, ақын, аудармашы. Мәскеу жазушылар одағы мен "Әдеби аударма шеберлері" гильдиясының мүшесі.

Олег Шишкин орыс жазушысы, драматург, сценарист, өнер сыншысы, журналист және тележүргізуші. Ресей жазушылар одағының мүшесі. О. Шишкиннің қаламұшы "Распутинді өлтіру", "Қызыл Франкенштейн", "Распутин: қылмыс тарихы", "Воландтың өмірбаяны" және т. б. кітаптарын қамтамасыз етеді.








Басылым күні :  08.02.2023