БІРГЕМІЗ! (Кураторлық сағат)

Коронавирус індеті жаһандық пандемияға айналуына байланысты елімізде төтенше жағдай жариаланды. Короновирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында еліміздегі барлық студенттер қауымы секілді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология жіне биотехнология факультетінің студенттері де қашықтан білім алуда.

Қашықтан оқу барысында «Универ» АЖ, You Tube, Майкрософт Teams студенттерге, Moodl секілді платформаларды шебер меңгеріп те алған. Солардың арасында факуллтетіміздің молекулалық биология және генетика кафедрасының куратор-эдвайзері С.Қ.Байсейтованың «Генетика» мамандығының 1 курсының BG-03K оқу тобы да бар. Қашықтан оқыту технологиясын қолданып қызықты кураторлық сағаттар да өтіп жүр. Олар осы тәрбиелік сағаттар аясында  «Біргеміз» атты видео түсірді.  

Видеоның мақсаты - өздерінің, қазақстан мемлекетінің азаматы ретінде індетпен күресу, оның алдын алу мақсатында алыста жүрген достарын қолдау, достық сағынышын білдіру.

Басылым күні :  01.06.2020