Қазақстандағы орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыру барысында Қазақстандағы кедейшілік: салыстырмалы талдау

     әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультеті,  әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының профессоры, әлеу. ғ. докторы Садырова М.С. пен аға оқытушы Нұран Д.Н. басшылығымен 2023ж, 11-желтоқсан күні, "Қазақстандағы орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыру" барысында " Қазақстандағы кедейшілік: салыстырмалы талдау" тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Осы тақырып жайында сөз қозғаған баяндамашыларымыз: Нархоз университетінің әлеуметтік жұмыс кафедрасының PhD, aсс. профессоры Абенова Кулзада Абдрахманқызы, наркологиялық орталықтың дәрігер-психиатры Любушкин Алексей Андреевич, әлеуметтік жұмыс мамандығының 2-курс студенті Патрик Розалин Топе, 1-курс әлеуметтік жұмыс мамандығының студенті Жұмағали Медина .Дөңгелек үстелде өте құнды деректер айтылып, магистранттар мен студенттер қызыға талқылады. Қазақстандағы және шетелдік тәжірибелер талқыланды.

 

Басылым күні :  18.12.2023