ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ СЕССИЯ «ОРНЫҚТЫ ДАМУ САЛАСЫНДАҒЫ МАҚСАТТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕТІМДІКТІҢ АЛДЫН АЛУ»

     Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында 2023 ж. 2 маусымында аралас офлайн/онлайн форматта «Орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуде әлеуметтік жетімдіктің алдын алу» әлеуетті арттыру жөніндегі сессия өтті. Аталмыш сессия ҚазҰУ-дың әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының Гонконг Политехникалық университетінің (PolyU) қолданбалы әлеуметтік ғылымдар Департаментімен бірлескен үш жылдық халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылды.

      Қазақстан Тұрақты даму саласындағы мақсаттары тек жаһандық күн тәртібін қолдап қана қоймай, сонымен қатар Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орталық Азия жөніндегі өңірлік хабын ашуды жоспарлап отыр. БҰҰ экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерін біріктіре отырып, әрқайсысы балалармен тікелей немесе жанама байланысты 17 Мақсатты айқындады. Кедейшілік, теңсіздік, ана мен бала өлімі, жұмыссыздық және басқа да өзекті мәселелер жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар санының өсуіне ықпал етеді. Аталмыш сессияның мақсаты тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, теңсіздікті азайту мен балалардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру барысындағы ғылыми-тәжірибелік әлеуетін талқылау және кеңейту болды. Сессия академиялық қауымдастық пен кәсіби тәжірибе саласы өкілдері мен күш-жігерін біріктіре отырып қана қоймай, әлеуметтік жұмыс магистранттары мен докторанттарының зерттеулерін талқылайтын алаңға айналды. 

    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі, профессор Гүлмира Әбдірайымова алғы сөз сөйледі. Өз сөзінде әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша тиімді бағдарламаларды жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен академиялық қоғамдастық арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына баса назар аударды.

     «Ковчег» жеке меншік балалар үйі директорының орынбасары Татьяна Федотова өз сөзінде өмірлік қиын жағдайдағы отбасылармен жұмыс істеудің тәжірибелік кейстерімен бөлісті. Алматы қаласындағы «Аналар үйі» үйлестірушісі Аминат Жаппуева «Аналар үйі» жобасының әлеуметтік жетімдіктің алдын алудағы маңыздылығын атап өтті. PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы Айгүл Мұстафина өз сөзінде Тұрақты даму саласындағындағы мақсаттарының жаһандық күн тәртібін қарастырудағы маңыздылығымен қатар, сондай-ақ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі әлеуметтік жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының магистранттары Заирова Рабилям, Мырзараимова Анель және Енкебаева Мөлдірдің отбасыларды біріктірудің психологиялық аспектілеріне, әлеуметтік жұмыстың шетелдік тәжірибесіне, екінші реттік жетімдікке және т.б. арналған баяндамалары үлкен қызығушылық тудырды.

     Баяндамалардан кейін сессияға қатысушылар белсенді пікірталасқа қатысты, онда әлеуметтік жетімдіктің алдын алудың түрлі аспектілері, әлеуметтік қызметкерлердің рөлі, қиын өмірлік жағдайларда отбасылармен жұмыс істеудің тиімді тәсілдері мен әдістері, сондай-ақ екінші реттік жетімділік мәселесі және оны шешудің жолдары талқыланды. Сессия соңында Қазақстанда тұрақты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуде әлеуметтік жетімдіктің алдын алудың маңыздылығы туралы қорытындылар шығарылды, ол кедейшілікті, теңсіздікті азайту, балалардың денсаулығы мен әл-ауқатын арттыру бойынша қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді оң нәтижелерге ие болары анық.

Басылым күні :  02.06.2023