Кураторлық сағат: «Қоғамдық орындардағы мінез-құлық»

 

2022 жылдың 11 ақпанында 1 курс магистранттары Жанар Әбдіқалықова мен Нұрайлым Болатова педагогикалық практика жетекшісі Шеденова Назым Өтеғалиевнамен бірлесіп, "Әлеуметтану" мамандығының 2 курс студенттеріне қоғамдық орындардағы мінез-құлық тақырыбына арналған кураторлық сағат өткізді, атап айтқанда студенттермен темекі өнімдерін тұтыну мәселесін талқылады.Зерттеулер көрсеткендей, темекі шегу темекі шегушінің өмірін 6-20 жылға қысқартады, темекі шегушілер инфаркт, инсульт, қатерлі ісік, асқазан жарасы, өкпе ауруларынан 10-30 есе жиі өледі немесе мүгедек болады, ал күніне бір қорап темекі шегетін адам оған орташа есеппен 350 теңге жұмсайды. Темекіге жұмсалатын шығын аптасына-2450 теңге, айына – 10 500 теңге, жылына – 126 000 теңгені құрайды. Сондай – ақ, темекі шекпейтін-пассивті темекі шегушілер темекі шегуден зардап шегеді, жыл сайын әлемде пассивті темекі шегуден 900 000-ға жуық адам қайтыс болады. Сонымен қатар, темекі шегу сәнді емес. Тегіс тері, сау келбет, жарқыраған ақ тістер, спорттық фигура және күшті бұлшықеттер қазір сәнде.Студенттер ҚР Әкімшілік Кодексінің 441-бабына сәйкес қоғамдық орындарда, мысалы, үйлердің кіреберістерінде, білім беру ұйымдарында, қоғамдық тамақтану пункттерінде, кинотеатрларда темекі өнімдерін тұтынғаны үшін 15 АЕК (2022 жылы 45945 теңге) айыппұл салынатыны туралы хабардар етілді. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған темекі шегу - 25 АЕК (76575 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Басылым күні :  12.02.2022