Механика пәні бойынша республикалық студенттік олимпиада болып өтті

Биыл Механика кафедрасының іргетасының қаланғанына 85 жыл толуына және академик Шахбаз Әлімгерейұлы Ершиннің 95 жылдығына арналып механика-метематика факультетінің корпусында арнайы аудитория ашылды.


Осы шаралар аясында 24 қараша күні Механика пәні бойынша республикалық студенттік олимпиада болып өтті. Пәндік олимпиадаға республикамыздың әр өңіріндегі университеттерден «Механика» бағыты бойынша білім алып жүрген 54 студент өтінім беріп, 35 студент қатысты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен 24 студент, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен 8 студент, Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінен 3 студент олимпиадада өз белсенділігін көрсетті. Ойымен озық шыққан студенттер жүлделі орындарға және демеушілердің қаржылай сыйлықтарына ие болды.


Республикалық студенттік олимпиаданың нәтижелері келесідей болды:

1. Асан Балнұр Рустемқызы (ҚазҰУ) - I орын;
2. Елдосқызы Құралай (ҚазҰУ) - II орын;
3. Асқар Жанерке Жомартқызы (ҚазҰУ) - II орын;
4. Асқар Назерке Жомартқызы (ҚазҰУ) - II орын;
5. Нұрболов Нұрсұлтан Нұрболұлы (ҚазҰУ) - III орын;
6. Болатова Айнұр Маратқызы (ЕҰУ) - III орын;
7. Қабылбек Ақерке (ҚазҰУ) - III орын.

Жеңімпаздарға алдағы уақытта сәттілік тілей отырып, білім жолында үлкен жетістіктер көрсетеді деген үмітттеміз.

Басылым күні :  28.02.2022