Механикадан олимпиада өтті

2020 жылдың 14-15 желтоқсанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ -дың механика-математика факультетінде студенттер арасында механика пәнінен олимпиада өтті. Бұл олимпиада механика кафедрасының 85 жылдығына және профессор А.Қалтаевтың 70 жылдығына орайластырылды. Олимпиадаға 42 оқушы қатысты. Олимпиада онлайн режимінде өткізілді.

Олимпиаданың шарты бойынша 2 курс студенттері теориялық механика бойынша үш есепті, 3-4 курс студенттері теориялық механика бойынша бір есеп және сұйық және газ механикасы бойынша екі есеп шығарды.

Олимпиада жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Олимпиаданың демеушілері профессор А.Қалтаев және оның шәкірттері болды.

Жеңімпаздарды марапаттаудың салтанатты рәсімі 2020 жылы 18 желтоқсанда онлайн режимінде, профессор А.Қалтаевтың 70 жылдығына арналған халықаралық конференция - семинарда өтті.

https://www.kaznu.kz/kz/23149/page/

https://www.kaznu.kz/content/files/pages/folder4434/7%20%D0%9D%D0%B0%D0%B3%D1%80%D0%B0%D0%B6%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5.pdf

https://vk.com/wall-181736180_146

 Туралина Д.Е.

Басылым күні :  23.05.2021