Турнир «Фараби шәкірттері»

Қазанның 3-жұлдызында өткен турнирге Алматы қаласының университеттерінің студенттерімен қатар, Тараз, Қызылорда қаласынан қонақтар ат басын тіреді. Линкольн-Дуглас форматында орамды ойларын ортаға салған 17 пікірсайысшы саяси, философиялық, тарихи тақырыптарда білімі мен біліктілігін барынша көрсетуге тырысты. "Қазақ хандығының 550 жылдығына" арналған бес турдан тұратын пікірсайыс турнирінің жеңімпазы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Алматы академиясының студенті Думан Қазыбеков болды. Бабы мен бағы қоса шапқан Думанға Қазақ Ұлттық университетінің Ректор кубогіне арналған Республикалық турнирінің 1/8 финалына жолдама берілді.

Басылым күні :  12.10.2015