«Қоршаған орта»

28. 04. 2023 жылы эдвайзер Болатхан Кенжегүлдің ұйымдастыруымен БТ 22-01 және БТ 22-02 топтарының студенттеріне қазіргі таңдағы экологиялық проблемалар аясында, соның ішінде қалалық экологияға әсер етуші маңызды факторлар мен оларды шешу жолдарымен таныстыру және студенттергe пікір қалыптастыру мақсатында «Қоршаған орта» атты ашық сабақ өткізілді.

Мақсаты: Студенттердің адам мен табиғаттың байланысы және табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін арттыру. 

Міндеттері:

-Студенттердің табиғатқа көз қарасын қалыптастыру;

-Қазіргі таңдағы қалалардың экологиялық жағдайымен таныстыру;

-Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және толықтыру 

Іс шара Биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасында 1 курс магистранттарының қатысуымен өткізілді. Сабақ барысында магистранттар студенттерге қалалық экологияның мән-жайын презентация түрінде ұсынды, одан әрі проблемалық тапсырмалар беру арқылы топтық жұмыстар жүргізілді, сабақ соңында кахут ойыны ойнатылды. Сабаққа студенттер толықтай, аса белсенділікпен қатысты.

Сабақ соңында студенттер ашық сабақтан алған өз әсерлерімен бөлісті:

Арсен: «Бүгінгі болған ашық сабақ маған өте қатты ұнады. 1 курс магистранттардың, ашық сабақты жүргізуі жоғары деңгейде болды. «Қоршаған орта» атты ашық сабақта, бізге қазіргі таңдағы не бір мәселелер ашық айтылды, біз бұл ашық сабақта табиғаттың жағдайын,   қалалардың қазіргі таңдағы басты проблемаларын, табиғи ресурстарды қалай үнемді пайдалану қоқыс қалдықтарын қайта өңдеу туралы осы мәселелерді биотехнологиялық жолмен шешімін табу туралы   өз ойымызбен бөлістік.»

Мерей: «Бүгінгі болған ашық сабақ маған қатты ұнады.Барлығы жақсы ұйымдастырылған, біз ашық сабақта 4 топқа бөлініп, Қазақстан қалаларының соның ішінде Алматы, Шымкент, Семей, Атырау секілді қалалардың басты мәселелерін, оларды шешу жолдарын қарастырып, талқыладық.Соңында түрлі ойындар ойнадық, соның ішіндегі ең қызығы кахут ойыны болды

Эдвайзер: Болатхан Кенжегүл

Басылым күні :  12.05.2023