Театр – мәдениет ошағы

05. 02. 2023 жылы эдвайзер Болатхан Кенжегүл Болатханқызы мен 1 курс

БТ-22-01 және БТ-22-02 топ студенттері мәдени өмірге қызығушылық таныту мақсаттары бойынша Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, «Шағала» қойылымына барып қайтты.

Мақсаты: Студенттерді мәдени өмірге баулу және театрға деген қызығушылығын арттыру.

Міндеттері:

-        Студенттерді оқудан бөлек мәдениетке баулу;

-        Студенттердің театрға деген қызығушылықтарын арттыру;

-         Студенттердің рухани – адамгершілік мәдениеті деңгейін арттыру және бос уақыттарын тиімді пайдалану

Іс-шара Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында өткізілді. Театр актерлері керемет өнер көрсетіп, жастарды тарихи және қазіргі өмір мәселелерінің шындығына шынайы көзқарастарын қалыптастыруға және қайта қарауға мәжбүр етті. Студенттер «Шағала» қойылымын жоғары қызығушылықпен көрді. Қойылым соңында әртістерге жоғары қошемет көрсетілді.

Студенттер қойылымнан алған өз әсерлерімен бөлісті:

Іңкәр: « - Қойылым маған өте қатты ұнады. Әртістердің актерлік шеберліктері, сахна, музыка барлығы жоғары деңгейде. «Шағала» қойылымында өткен ғасырдың басындағы орыс қоғамының өмірі емес, бірақ сол өмірді сүріп жатқан адамдардың тағдыры, ішкі жан дүниесі, бір-біріне ұқсамайтын мінез-құлықтарын қалыптастырған мәселелер, жарыққа деген ұмтылыстары бейнеленеді.»

Аружан: « - Театр – нағыз тәлім тәрбие мен тағылымның ортасы. Киелі өнердің ордасына әр азамат келуін абзал деп санаймын. Ал, жалпы қойылымға келетін болсам, барлығы өте керемет! Уақыт, өмір сүру шарттары, техникалық прогрестің деңгейі өзгеріп отырады, дегенмен, адами қарым-қатынастар өзгеріссіз қалады. Чеховтың кейіпкерлері мұны толықтай көрсете білген – өздері сүйе тұра, өздерін сүйетіндерге қатыгез әрі суық қарым – қатынас білдіреді. »

“ Адам бүгін театрға ертең адам болып қалу үшін барады” дегендей жастарды шыбықсыз тәрбиелейтін бірден – бір орын театр екендегін студенттер тағы бір мәрте дәлелдеді.

Эдвайзер: Болатхан Кенжегүл

Басылым күні :  14.02.2023