Идеал емес плазма физикасы бойынша 15-ші Халықаралық конференция

2015 жылдың 30 тамыз - 4 қыркүйек аралығында Алматы қаласында Идеал емес плазма физикасы бойынша 15-ші Халықаралық конференция өтеді. 

Конференция Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен және Эксперименттік және теориялық физика ғылыми зерттеу институты, Ашық түрдегі ұлттық нанотехнологиялық зертханасы және т.б. демеушілердің қолдауымен өтеді. Конференцияның ғылыми бағдарламасы өзекті баяндамаларды, сонымен қатар стендтік баяндамалар мен ғылым саласындағы жаңа жетістіктерді және келесі тақырыптарды қамтиды:

  • Статикалық физика және ab-initio моделдеуі

  • Идеал емес плазма өндірісі (оптикалық лазер, еркін электрондар лазері, ауыр иондар ағыны, Z машина, жарылғыш заттар және т.б. көмегімен)

  • Идеал емес плазма диагностикасы (х- рентген шашырауы, тежегіш күші, сәуле шығару, жұтылу және т.б.қолдану арқылы)

  • Тепе-теңдік қасиеті, күй теңдеуі және фазалық өтулер

  • Кинетикалық, транспорттық және оптикалық қасиеттері

  • Тығыз астрофизика және ИТС плазмасы

  • Лазерлік сәулеленудің затпен ультра-қарқынды әсерлесуі

  • Тозаңды плазма


Басылым күні :  23.03.2016