Марапаттаулар мен кафедра жетiстiгi

 

 

Физика-техникалық факультетінің плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының оқытушылары: физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а Нұрғалиева Қ.Е. және физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а Туреханова К.М., халықаралық мойындалған және ENTER халықаралық желісінің инженерлік-педагогикалық бағытындағы бірінші халықаралық тізіліміне енгізілгені және кәсіби инженер-педагог ретіндегі біліктілігімен құттықтаймыз! Тізілім туралы толық ақпаратты мына сайттан табуға болады: https://enterprof.org/ru/enter-registered-educators

 

    

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 6-9 қыркүйек аралығында гибридтік форматта “ИНЖЕНЕРЛІК ПЕДАГОГИКА және ENTER ЖЕЛІСІ – ЖЕТІСТІКТЕР МЕН МҮМКІНДІКТЕР” атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Конференция Эразмус+ жобасының 598506-EPP-1-2018-1-PT-EPPKA2-CBHE-JP – Инженерлік педагогтарды педагогикалық оқыту (ENTER) аясында ұйымдастырылды. Сонымен қатар конференция «Плазма физикасы, нанотехнологиялар және компьютерлік физика» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы ұйымдастырып өткізілді, осы кафедра негізінде бұл жоба 2018-2022 жж аралығында атқарылып клееді. Қазіргі таңда жоба аяқталу кезеніңде және бұл қорытынды конференция болып табылады. Жоба туралы қосымша ақпаратты http://erasmus-enter.org/partners.php?lang=en#ENTER%20Consortium сайтынан табуға болады.

Конференцияға Португалия (Порту политехникалық институты), Эстония (Таллин техникалық университеті, Таллин қ.), Словакия (Дубница технологиялық институты, Дубница над Вагом қ.) және Қазақстан Алматы қ. (әл-Фараби Қазақ ұлттық университеті) Қарағанды қ. (Академик Е.А. Бөкетов Қарағанды атындағы мемлекеттік университеті), өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар: Ресейдің Инженерлік білім беру қауымдастығы (AEER) және Қазақстандық заманауи (элиталық) білім беру қауымдастығы (KazSEE) қатысты.

Конференция аясында жобаның негізгі нәтижелері, инженерлік педагогика мәселелері мен әдістемелік тәсілдер де талқыланды. Сондай-ақ ENTER желісін тұрақты дамыту жоспарлары талқыланды.

 

 

2021-2022 оқу жылында Erasmus + KA 107 бағдарламасы аясында Испания, Вальядолид университетінде оқытушылардың алмасу ұтқырлығы бойынша грант иегері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының аға оқытушысы ф.-м.ғ.к. К.М. Туреханова 23.05.2022-27.05.2022 аралығында ғалым мен қатар оқытушы ретінде де біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін біршама қызықта пайдалы іс шаралар өткізілгені туралы хабардар етеді.

 

 

«Электроэнергетика» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің Республикалық пәндік олимпиадасында жетекшілік еткен Абдиева Шолпан Әсетбекқызына алғысымызды білдіреміз. 

 

Жалғабаев Сәкен "Электр энергетикасы" мамандығының студенті "Электр энергетикасы" мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің Республикалық пән олимпиадасында 3 орын алды!

Құттықтаймыз!!!!Шығармашылық табыстар тілейміз!!!! 


Кафедра оқытушылары: Қоданова С.К., Габдуллина Г.Л., Нұрғалиева Қ.Е., Габдуллина А.Т., Төреханова Қ.М. қатысуымен  04 сәуір 2022 ж. «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы аясында өтетін дөңгелек үстел өтті.  Бағдарлама.pdf

 

    Кентау өңірінде  Қуаты 50мВт PV - фотоэлектрлік күн станциясы іске қосылды. Оған ХЕВЕЛ компаниясының мамандары мен Х. А. Ясауи және аль-Фараби атындағы ҚазҰУ университеттерінің профессорлары қатысты. Суретте плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасынң профессоры Т. К. Қойшиев.
ҚР ҰҒА академигі, кафедра профессоры Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Алтын медалімен марапатталды

 2022 жылы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының оқытушылары Рамазанов Т. С. және Исанова М. К. алды

 

 

«Жаңа технологиялар негізінде жарық интенсивтілігі жоғары энергия үнемдегіш газ разрядты шамдардың шағын сериялы өндірісін ұйымдастыру»

Жоба.docx

   

 

PhD докторы, кафедра доцентінің м.а. Бастыкова Нурия Хамитбекқызы жыл сайынғы «Университеттің үздік оқытушысы -2020» байқауының жеңімпазы атанды.

Жыл сайынғы маңызды байқаулардың бірі - ғылым мен білімнің дамуына үлкен үлес қосатын мұғалімдерді ынталандыру үшін «Университеттің үздік оқытушысы». Нәтижесінде, 2020 жылы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 18 оқытушысына берілді, олардың ішінде плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының доценті Бастыкова Нурия Хамитбековна. Мұғалімдердің қызметі әр түрлі көрсеткіштер бойынша бағаланды, олар екі блокқа бөлінді - оқу және зерттеу қызметінің сапасы. Бұл грант оларға шетелдік үздік университетте тағылымдамадан өтуге, біліктілігін арттыруға және ғылыми және білім беру жобаларын іске асыруға мүмкіндік береді.

 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !!!!

 

 
  Кафедра профессоры Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы, «Қазақ үні» газеті хабарлағандай, бүгінде әлемге әйгілі қазақ ғалымына айналды. Профессор Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО-ның үздік оқытушысы» Мемлекеттік грантының иегері (2006 ж.) Және ғылым мен техниканың дамуына (2002 - 2006)көрнекті үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған екі рет Мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері. Профессордың импакт-факторы жоғары журналдарда 200-ден астам ғылыми жарияланымдары бар. Хирш индексі - 25.

 

 

Д.А. Қонаев атындағы сыйлық сыйлық ҚР БҒМ Ғылым комитетінің байқауы аясында өткізіледі және ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан жас ғалымдарды ынталандыру мақсатында жыл сайын беріледі.
Сыйлық лауреаттарының құрамына постдокторанттар: С.А. Оразбаев, Е.А. Үсенов, PhD докторы Д.Г. Батрышев, ИБЗ меңгерушісі Е. Ерланұлы, плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы А.У. Өтегенов кірді. 

Сыйлық «Практикалық қосымшаларға арналған заманауи плазмалық технологиялар негізінде наноқұрылымды материалдар алудың ғылыми негіздерін әзірлеу» атты жұмысы үшін берілді. 

Жұмыстың мақсаты-плазмалық технологиялар негізінде наноқұрылымды материалдарды синтездеудің ғылыми негіздерін жасау, плазманың қасиеттерін зерттеу, алынған наноматериалдардың морфологиялық және құрылымдық сипаттамаларын және оларды қолдану перспективаларын талдау. 

Жұмыстың практикалық маңыздылығы-плазмалық ортада наноқұрылымды материалдарды синтездеу бойынша алынған нәтижелер өнеркәсіптің әртүрлі салаларында қолдану үшін жаңа тиімді әдістер мен технологиялардың ғылыми негізіне айналады. 

Авторлар жұмысының нәтижелері бойынша 200-ден астам ғылыми жарияланым, оның ішінде импакт-факторы жоғары журналдарда 40-тан астам мақала жарияланды, бұл орындалатын зерттеулердің халықаралық деңгейде маңыздылығын растайды, ҚР 4 патент алынды. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жас ғалымдарының ғылыми нәтижелерін мойындау және оларға Д.А. Қонаев атындағы сыйлық беру университеттің Қазақстанның ғылыми-зерттеу қызметі және көрнекті жас зерттеушілерді даярлау саласындағы жетекші орында екендігіне тағы бір растау болып табылады.
22 сәуір 2020 жылы кафедра аға оқытушысы Усенов Е. төмен температуралы комплексті плазманың физикасы мен диагностикасы саласындағы ғылыми зерттеулердегі жетістіктері үшін ҚазҰУ-дың 2020 ж. «Үздік жас ғалым» марапатына ие болды. 
   22 сәуір 2020 жылы кафедра аға оқытушысы Утегенов А. «Үздік жас ғалым» марапатына ие болды. 
   Кафедра профессоры Габдуллин М.Т. жас ғалым номинациясындағы «Ғылым көшбасшысы - Web of Science Awards-2019» беделді сыйлығының иегері атанды!
   Кафедра оқытушысы Ж.Молдабеков жас ғалым аталымында «Ғылым көшбасшысы - Web of Science Awards-2019» беделді марапатын жеңіп алды!
   «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, кафедраның түлегі Ерланұлы Е.
   Кафедра түлегі Е. Ерланұлы «Жас Отан» Жастар қанатының Алматы қалалық филиалының мүшесі болды.
   Кафедра профессоры Жуманов Кеңес Болатұлы ҚазҰУ-дың 85 жылдығына орай «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. 
   Кафедра профессоры Архипов Юрий Вячеславович ҚазҰУ-дың 85 жылдығына орай «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. 

 

 ТМД оқу орындарының арасында өткен "Бɵбек" жалпыұлттық қозғалысының ұйымдастыруымен "Үздiк студент - 2019" байқауының аясында "Электр энергетика" мамандығының студенті Асқарұлы Мұхит II дәрежелі дипломмен марапатталды  

 

 

 2019 ж. "Электр энергетикасы" мамандығының 2-3 курс студенттері инновациялық жоба СБИ-да (Студенттік Бизнес Инкубатор) I орынды иеленді, сонымен қатар "Электр энергетикасы" мамандығының 1 курс магистранттарының ғылыми жобасы III орынға ие болды.

2019 жылы PhD докторы Исанова Мөлдір Кеңесқызы және кафедраның аға оқытушысы Шаленов Ерік Оңғарұлы "әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің үздік жас ғалымы"  дипломымен марапатталды 
  Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының профессоры Ғабдуллин Маратбек Төлепбергенұлы «Ғылым қызметкері» номинациясы бойынша «Жыл адамы - Алтын адам» сыйлығына ие болды 
   Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, профессор Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы «Жылдың ең үздік ғалымы»  үшін беделді «Elsevier-Scopus» сыйлығын ие болды
Ф.м.-ғ.д., профессор Жұмағұлова Қарлыгаш Нұрманқызы «Ғылымдағы үздік әйел» беделді Elsevier-Scopus сыйлығына ие болды 
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Физика (педагогика)» (педагогика ғылымдарының бакалавры)
Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлес үшін Оразбаев Сағи Амзеұлы марапатталды 
  "Электр энергетикасы" мамандығының  студенттері ҚР жоғарғы оқу орындары студенттерінің республикалық пән олимпиадасында "Электр энергетика" мамандығы бойынша топтық ойында II орын алды. 
"Электр энергетикасы" мамандығының 3 курс студенттері инновациялық жоба СБИда (Студенттік Бизнес Инкубатор) III орынды иеленді. Ғылыми жетекшісі - ф.-м.ғ.к., доцент Досболаев Мерлан Қылышұлы (Сәуір, 2018)
ҚР білім және ғылым минстирінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының ғылыми облысында сіңірген еңбегі үшін ф.-м.ғ.к., профессор Қоданова Сандуғаш Құлмағамбетқызы "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМЫНА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ" үшін төсбелгімен марапатталды 
ҚР Ұлттық ғылым академиясының жалпы жиын отырысының шешімімен «Физика» мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Тілекқабыл Рамазанов ҚР ҰҒА академигі болып сайланды  
2017 жылы кафедра PhD докторы
Мұратов Мұхит Мұхаметнұрұлы
"ЖОО ең уздік оқытушысы - 2017" құрметті атағын алды 

Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен 2015 жылғы әл-Фараби атындағы Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының иегерлері кафедраның ғалымдар ұжымы атанды:

физ.- мат.ғыл. докт., проф.Рамазанов Т.С.

физ.- мат.ғыл.докт., проф.Джумагулова К.Н.

физ.- мат.ғыл.канд., проф.Коданова С.К.

физ.- мат.ғыл.канд., PhD докторГабдуллин М.Т.

физ.- мат.ғыл.канд., Досболаев М.К

2015 жылы кафедра меңгерушісі, профессор
Архипов Юрий Вячеславович 
мемлекеттік сыйлық"Құрмет" орденімен марапатталды
2015 жылы кафедра доценті
Досболаев Мерлан Қылышұлы
"ЖОО ең уздік оқытушысы - 2015" құрметті атағын алды
   2015 жылы кафедра доценті
Асқарұлы Әбдіәділ 
"ЖОО ең уздік оқытушысы - 2015"құрметті атағын алды
2014 жылы ректор бұйрығымен кафедра меңгерушісі
Архипов Юрий Вячеславович
университет дамуына қосқан үлесі үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 80-жылдығына арналған медалімен марапатталды

2013 жылы кафедраның профессоры, факультеттің деканы
Давлетов Аскар Ербуланович
"ЖОО ең уздік оқытушысы" құрметті атағын алды