«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында қарттар үйінде концерт қойылды

14.02.2018 күні механика-математика факультетінің МКМ кафедрасының  аға эдвайзері Абдрахманова Н.Т. мен студенттерінің ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Абай мен Бауыржан Момышұлы көшелерінің қиылысында орналасқан қарттар үйінде концерт қойылды. Концертте тек студенттер емес қарияларымыз да өз өнерлерін ортаға салды. МКМ кафедрасының оқытушылары мен студенттері қайырымдылық шарасына қаржы жинап, қарттар үйіне кішігірім сыйлық жасады. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп, ежелден үлкендерді силап өскен халықпыз. Ұйымдастырылған іс-шараның негізгі мақсатының бірі – студенттерді әдептілікке, ата-ана борышын  ақтауға, адал болуға, үлкендерді құрметтеуге, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Басылым күні :  14.02.2018