ҚР Бірінші Президенті күніне арналған “Мен жастарға сенемін!” атты студент жастардың үшінші патриоттық фестивалінде MKM кафедрасының 4 курс студенттері мадақтама қағазын алды

MKM кафедрасының 4 курс студенттері Султан Нургазы, Жаксылык Санжан, Касымов Зулыфхар 26 қарашада У.А. Джолдасбеков атындағы студенттер сарайында өткен, ҚазақстанРеспубликасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты ұлттық патриоттық жастар студенттік форумның белсенді қатысушылары болып, кафедраның оқытушылары Тунгатаров Н.Н. және Абдрахманова Н. жетекшілігімен орындаған жұмыстары инновациялық әлеуметтік жобалар секциясында «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» жобасымен мадақтама қағазын алды. Кафедра ұжымы студенттерді құттықтап, және олардың зерттеу жұмыстарына үлкен табыстар тіледі.


Басылым күні :  03.12.2015