Қанатың талмасын, қиялың самғасын!
Информатика кафедрасының 1-курс эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен факультеттік деңгейде АЖ және информатика кафедрасының студенттері мен оқытушылары арасында «Қанатың талмасын, қиялың самғасын!» атты интелектуалдық ойыны өтті. Ойын 4 студент және оқытушыдан тұратын топтық сайыс ретінде өткізілді. Ойын соңында АЖ кафедрасының тобы қойылым ретіндегі «Қонақ кәдесін» ұсынды. Әділ-қазылар шешім шығарғанша залдағы көрермендермен ойындар ойнатылып, сыйлықтар табысталды. Сайыс соңында АЖ кафедрасының тобы «Жүзден жүйрік» номинациясымен, информатика кафедрасының тобы «Жас ғалым» номинациясымен марапатталды.
Өткізілген орны: 327ауд.
Жауапты: 1-курс эдвайзерлері
Өткізілген уақыты: 03.11.2017 ж
Басылым күні : 08.11.2017