Ә.Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар» шығармасына «100 кітап аясында» өткізілген шара

10.12.2016 жылы сағат 17:00 да 413 аудиторияда Ә.Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар» атты ашық кураторлық сабақ өтті.Махаббат қызық мол жылдар - 1970 жылы шығарылған роман. Шығарма екі жастың арасындағы махаббат туралы баяндайды. Автор соғыстан он екі мүшесі түгел болып келген жас солдаттың өмірі, ойларын жасырмай, көпшілікке паш етеді. Оның 33-аудиторияда өзін гүлге толған бақта отырғандай сезінуі, қыздардың тастай қылып өрілген бұрымдарына көз салуы, достарын, өз махаббатын табуы, болашағына жол ашып, өз жолын табуы да тағы баяндалады. Автордың мақсаты Ербол мен Меңтай жақсы жігіт, білімді қыз екенін көрсетіп қана қою емес, солар арқылы халқымыздың бойындағы кейінгі ұрпаққа , арғы, алыс болашаққа үлгі боларлық дәстүр, қасиеттерін насихаттау.


Іс-шараны ұйымдастырушылар:

2-курс ВТиПО к/б

Эдвайзерлер: Адилжанова С.А., Газаз Г.Г., Тюлепбердинова Г.А.

Басылым күні :  20.04.2017