Мен кіммін?

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Механика-математика факультеті

Информатика кафедрасы

 Иманкулов Т.С., Омарова П.Т., Калменова Г.Б.

 Өмірде алуан түрлі тағдырлы, мінезді адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу – баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие адам қоғамда өз орнын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. Өмірді сол қалпында қабылдап қадірлей біледі. Өзімен де өзгемен де жарасымды өмір сүре алатындай тұлға ретінде қалыптаса алуы қажет. Осы мақсатта әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті механика-математика факультетінің информатика кафедрасының 1 курс студенттерімен және факультетіміздің студенттер деканы Ахмет Лесбектің жүргізуімен «Мен кіммін?» деп аталатын трениг-сабақ өтті. Студенттер өздерін еркін сезініп, қарым-қатынасқа түсу үшін шеңберге тұрып, «дөңгелек құрбаны» ойынын ойнады. Сабақ барысында студенттер өмірде тек мансапқа ғана қол жеткізу емес, одан да басқа құндылықтардың көп екендігіне көз жеткізді. 

Басылым күні :  07.04.2017