Қазақстан халықтарының тілдер күні

1998 жылдың 20 қаңтарында еліміз Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 22 қыркүйек Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды. Бүгінгі күні Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдері мен қазақ азаматтары мемлекеттік тіл - қазақ тілін меңгеруге зейін қойып, қазіргі уақытта мемлекеттік тілде еркін сөйлеуді мақсат етіп отыр. Осы Тіл мерекесіне орай Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының 1 курс студенттер дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде мемлекеттік тіл мәселесі талқыға салынды. Студенттер көшелердегі қате жарнамалар, атауларға талдау жасап, өз пікірлерін білдірді. Талантты студенттер тіл мәселесіне байланысты  өздері шығарған өлең жолдарын оқыды.

Басылым күні :  25.02.2015