17-ші Қазақстандық жапон тілінен шешендік өнер сайысы

Жапон тілінің шешендік өнер сайысының мақсаты – тілге деген оқушылардың қызығушылықтарын жоғарылату, Жапония мен Қазақстан арасындағы мәдени байланысты тереңдету, сонымен қатар аймақта жапон тілін тарату, дамыту. Сайыстың ережесі бойынша қатысушы өзі таңдаған еркін тақырыпта шығарма жазып, жаттап, сайыста осы шығармасы бойынша 5 минут сөйлейді. Сайыскерге тақырыбына байланысты 2 сұрақ қойылады. Сайыскерлердің өнерлерін жергілікті оқытушылардан және еліміздегі жапондықтардан құралған қазылар алқасы бағалайды. Қатысушыларды сұраққа жауап беруіне, шешендік өнеріне, тақырыбының мазмұнына сәйкес бағалайды. Жеңімпаздар  Орта Азия мемлекеттерінің арасында өтетін шешендік өнер сайысына қатысу мүмкіншілігіне ие болады. Жүлделі орындарға ие болғандар бағалы сыйлықтармен — жапон тілі электронды сөздіктері,жапон тілінің оқу құралдарымен марапатталады.
Өткізу күні мен уақыты: 14 наурыз  2015 жыл, сағат 12:30-17:30.
Өткізу орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Халықаралық қатынастар факультетінің мәжіліс залы №200 (Карасай батыр 95 А  көшесі).  
Ұйымдастырушылар: Жапон тілі оқытушыларының қазақстандық қауымдастығы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.
Демеушілер: ҚР-ғы Жапония Елшілігі, ҚР-ғы жапондықтар қауымдастығы, ҚР-ғы жапондық бизнесмендердің қауымдастығы. 

Қатысушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылайхан атындағы ҚазМХҚ және ӘТУ, Қазақстан-Жапония адам ресурстарын дамыту орталығы, Л.Н.Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университетінің студенттері.

Басылым күні :  31.03.2015