Жапония елшісімен кездесу

12 наурыз күні сағат 16.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті  шығыстану факультетінде Қиыр Шығыс  және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Масаёси Камохараның  қатысуымен «Елші сағаты» өтті. Масаёси елші «Қазақстан мен Жапония арасындағы өзара ынтымақтастық қарым-қатынастың  қазіргі ахуалы және даму перспективасы» деген тақырыпта дәріс оқыды.

Іс-шараға  университеттің  бірінші проректоры  М.М.Бүркітбаев, шығыстану факультетінің  деканы  Б.Н. Жұбатова, Цукуба Университетінен келген студенттер мен оқытушылар, шығыстану факультетінің студенттері мен оқытушылар қауымы  қатысты.

Басылым күні :  31.03.2015