Алматы қаласындағы Жапонияның мәдениет күні

Жексенбі күні Алматы қаласында жылдағы әдет бойынша Жапон мәдениетінің күні өтті. Бұл күні әр түрлі жапон мәдениетін насихаттайтын арнайы орындар белгіленіп,осы орындарда әр түрлі жапон брендті тауарлары көрмелері мен қатар презентециялар болды. Бұл іс шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасындағы Жапон елшілігі, Адам ресурстарын дамыту Қазақ Жапон орталығы және Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқытушылары бұл күні жапон мәдениетін алуан түрлі жағынан барынша көрсетеуге тырысты. Бұл мереке Қазақстандағы жапон елшісінің жұбайы Камохара ханымның бастамасымен болған Кимоно шоу көрмесімен басталды. Қала тұрғындары жапонияның әдемі дәстүрлі киім үлгілерін өз көздерімен көріп,киіп көру мүмкіншіліктеріне ие болды. Қырғыз елінен келген Тайко барабаншылар тобы да дүйім жұрттың қызығушылығын туғызды.

Бағдарлама бойынша әр түрлі тақырыптық бұрыстар жұмыс жасап көрме ұйысдастырылды: Жапон елінен келгенУтино ханымның жетекшілігімен шай ішу дәстүрі көрмесі. Жапон сурет өнері (Қазақстанда тұратын жапон суретшісі Томоко Хоукёоригами (қағаздан бұйым жасау өнері); каллиграфияюката кию ережелері); жапон қуыршақтарыкендама (жапон ұлттық ойыны) Әл-фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің студенттері жасап таныстырған Жапонияның ұлттық тағамы Онигири жасау бұрышы.

Осылайша қызықтар мен думанға толы, берері көп болған жапон мәдениеті күні барлық тұрғындардың ризашылығымен аяқталды.

Басылым күні :  31.03.2015