ҚАЗҰУ-дың ТАҢҚАЛАРЛЫҚ ЖЕҢІСІ НЕМЕСЕ ҚазҰУ-дың кәрістанушылары - ҮЗДІК ЖҮЗДІКТІҢ АРАСЫНДА ҮЗДІГІ

Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері Корея жайлы «Golden bell» атты викторинасында тағы да үздік болып шықты. 2017 жылғы 2-4 қараша аралығында Корея Республикасының Бас Консулдығы Халықаралық фестиваль аясында Кореяның білім беру орталығында Корея жайында үлкен викторина ұйымдастырды, оған Қазақстанның 100-ден астам студенті қатысты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан 10 студент, оның ішінде бірінші курс студенттері де болды. ҚазҰУ-дың студенттері бес жүлделі орынның үш орнына ие болды. Корея тарихы, экономикасы, әдебиеті, мәдениеті және тілі бойынша күрделі байқаудың басты жеңімпаздары: Тұрарбек Әлия (4-курс) 1-орын, Жаңабай Гүлназ (3-курс) 3-орын, Каиргалиева Айжан (3-курс) 4-орынды иеленді. Жеңімпаздар сертификаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері корей тілі, тарихы мен мәдениеті бойынша жоғары деңгейлі білімдерін көрсетіп, al-Farabi Smart University беделін қорғап қалды.

Басылым күні :  04.12.2017