ӘЛ–ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ КОРЕЙ ТҮБЕГІН БІРІКТІРЕДІ

Қиыр Шығыс кафедрасы және Халықаралық корейтану орталығы Кореяның бірігуі гуманитарлық ғылымының Төртінші бейбіт форумының қатысушылары болды және қазақ жеріндегі корейлердің тұрып жатқанына 80-жыл толуына орай «Қазақстан корейлерінің өткені мен бүгінгісі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастырды.

Қазақстанда 1937 жылдан корейлердің тарихы басталады. Осыған орай Конгук университетіндегі Кореяның бірігуі бойынша мәселелермен айналысатын Зерттеуші топ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-імен бірігіп корейлердің тарихи жарасына, сондай-ақ Корей түбегінің бірігуіне қатысты мәселелерді талқылады.

Корейлердің тарихи жарасы - отарлаушылық жүйенің, босып кетудің және бөлінудің түсірген жарасы ретінде қарастырылды. «Отарлаудың жарасы»: 1905 ж. Протекторат туралы келісімнің негізінде Корей империясын өз тәуелсіздігінен айырып, жапон үкіметі отарлады, яғни империалистік мемлекет Корей түбегіне басып кірді де ұлттық өсуді тоқтатты. Босып кетудің жарасы империалистік отарлау саясатының кесірінен өз отандарын жоғалтып, басқа елдерге кетуге тура келгенінің салдары. Ал 1945 жылы 15 тамызда біртұтас тәуелсіз мемлекетті құруға талпынғандарымен түбекте екіге бөлінген мемлекет Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея бүгінде бөлінудің жарасы жағдайында тұр. Міне осы корейлердің басына түскен тарихи жараны 2017 ж. Кореяның бірігуі гуманитарлық ғылымның Әлемдік Форумында талқыланды. Сонымен бірге бұл жылы ТМД корейлері, қытай корейлері мен жапон корейлері бірігіп өткізген конференцияның төрт жылдығын да атап өтті.

На диалоговой площадке факультета востоковедения в конференции приняли более 70 участников, которые обсуждали уроки прошлого, современные тренды и перспективы социо-культурных процессов корейцев.

Шығыстану факультетінің пікір алмасу алаңында конференцияға 70-тей адам қатысып, өткеннің сабақтарын, бүгінгі тұджырымдарды және келешекегі корейлердің әлеуметтік-мәдени үдерістерін талқылады. Бұл саладағы зерттеулердің нәтижесін Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылар құрамымен, Конгук университетіндегі Кореяның бірігуі атты гуманитарлық ғылымының Зерттеуші тобы (Оңтүстік Корея), Рицумейкан университетіндегі Корей зерттеу орталығы (Жапония), Чосон университетіндегі Чосон мәселелері бойынша Зерттеу орталығы (Қытай), Қытай Теңіз университетіндегі «Корея» Зерттеу институты қарастырды.

КазНУ им.аль-Фараби объединяет ученых – этнических корейцев из стран СНГ, Китая, Японии и Южной Кореи, в очередной раз демонстрируя свое отношение к Корейскому вопросу, а также зарубежных корейцев.

Демеушілікті Кореяның бейбіт және демократиялық жолмен бірігуінің Кеңесшілік Кеңесінің Орталық-Азиялық секциясы, Қазақстандағы Корейлерінің Ассоциациясы «Ханкёре» газеті көрсетті. Бұл өткізілген шара отандық және оңтүстіккорейлік БАҚ-та кеңінен жазылды, соның ішінде республикалық газет «Корё ильбо», оңтүстіккорейлік апталық газетт «Ханин Синмунда» атты жарық көрді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ТМД елдерідегі, Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореядағы этникалық корейлердің ғалымдарын біріктіреді, бұл жолы да Корей мәселесі, сондай-ақ шетелдегі корейлердің тағдырына қатысты мәселеге өз қарым-қатынасын айшықтап көрсеті.

Басылым күні :  04.12.2017