Корея Республикасы Сыртқы Істер министрлігі, Корей қоры, Корея Республикасының шетелдегі корейлер қорының өкілдерімен кездесу

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 13 маусымында Корея Республикасы Сыртқы Істер министрлігі, Корей қоры, Корея Республикасының шетелдегі корейлер қорының өкілдерімен және Қиыр Шығыс кафедрасы корейтану бөлімінің оқытушы-профессорлар құрамының арасында жемісті кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінің қызметімен таныстыру және Сыртқы Істер министрлігі, Корей қоры, Корея Республикасының шетелдегі корейлер қорымен ынтымақтастықты дамытуы болып табылады. Қиыр Шығыс кафедрасындағы корейтану бөлімі Қазақстандағы корейтану ғылымының негізгі базасы болып табылады. Бұл кездесуде өзара ынтымақтастық туралы әртүрлі мәселелер талқыланды.

Басылым күні :  20.06.2016