Халықаралық студенттік форум

Халықаралық студенттік форум

«Қазақстан мен Орталық Азиядағы мәдениеттер диалогы»

2016 жылдың 20 ақпанында әл-Фараби атындағы шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы мен әлеуметтік ғылымдар факультеті Васеда (Токио, Жапония) университетінің студенттерімен бірігіп «Қазақстан мен Орталық Азиядағы мәдениеттер диалогы» атты 16-шы Халықаралық студенттік форум өткізді.  

Екі университеттің өкілдері профессор Огихара Ацуши (Васеда) мен жапон бөлімінің меңгерушісі Токкарина Ақмаралдың (ҚазҰУ) алғы сөздерінен кейін студенттер әрқайсылары өз унисерситеттері жөніде таныстыру презентациясын өткізді.  

Одан кейін кафедра студенттеріне Васеда университетінде білімдік тағлымдама өтіп жатқан студенттеріміз Дана Ерменова мен Асем Қаратаеваның видео үндеуі ұсынылды. Студенттер жапондық университетінің кампустық өмірімен танысты.

Өз жағынан Васеда университетінен келген қонақтар барлық шетел тілін оқып жүрген студенттер үшін өзекті тақырып болып табылатын презентацияларымен шықты. Презентация тақырыбы – «Шетел студенттерінің жұмысқа тұру үрдісі мен сана-сезімі». Презентациялардан соң студенттер пікірталас өткізу үшін төрт топқа бөлініп, қорытынды пікірлер айтылды.

16-форумның есте қаларлық жайты ол Васеда университетінің делегация құрамында қытайлық студенттердің болуын атап өтсе болады. Олар үшін қытай тілі оқытушысы Абдырақын Нұрқалықтың «Қытай тіл білімі мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектерінің жұмысқа тұруы» атты арнайы дәрісі дайындалды.  

Қиыр Шығыс кафедрасының жапондық оқытушысы, Васеда университетінің докторанты Сайто Ацушидің презентациясы да дәстүрге айналған жайт. Презентация тақырыбы оның Қазақстандағы соңғы 3 жыл ішінде жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесімен байланысты.

Әртүрлі мәдениет пен тілдердің бірлесуі қазақтың әйгілі «Қаражорға» биінің флеш-модында мәнге ие болды.

"Home Stay" бағдарламасы қазақстандық және жапондық студенттердің қарым-қатынасындағы үйреншікті жайтқа айналған. Әр студент әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің отбасыларына шақырылды.

 

 

 

Басылым күні :  23.02.2016