100 кітап

Пресс-релиз

«100 кітап» бағдарламасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған «М. Әуезов және оның шығармаларын корей тіліне аудару (Хван Дин)» тақырыбындағы дөңгелек үстел

2015 жылдың 10 желтоқсан сағат 12:00-де Шығыстану факультетінде «100 кітап» бағдарламасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған «М. Әуезов және оның шығармаларын корей тіліне аудару (Хван Дин)» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – студенттерді Казақстан кәрістерінің әдебиетімен таныстыру, қазақтың классикалық әдебиетін (М. Әуезов «Қаракөз») корей тіліне аудару. Студенттердің қазақ тілін білу деңгейін көтеру, оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту.

Қатысушылар: 4-курс студенттері. Келем деушілерге есік ашық!

Уақыты: 10.12.2015, 12:00

Өткізілетін орны: Шығыстану факультеті 527 дәрісхана

Ұйымдастырушы: Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушысы Тен Ю.П.

Басылым күні :  09.12.2015