«ТМД кәрістерінің арманы» қорының шәкіртақысы

2015 жылдың 24 қарашасында Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасына Оңтүстік Кореядан қонақтар келді. Олар «ТМД кәрістерінің арманы» қорының өкілдері Бек Сынг Чол мырза мен Цой Джин Гу мырза еді. Қордың мақсаты ТМД аумағында тұратын кәріс халқының ішінен шыққан ең үздік студенттерге шәкіртақы тағайындау болып табылады. Бұл жолы шәкіртақыға ие болған студенттер – Цой Людмила (1к), Югай Екатерина (2к), Самуратова Айдана (2к) болды.

Басылым күні :  30.11.2015