Тілдік тағылымдамадан оралған студенттер өз тәжірибелерімен бөлісті

Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының ұйымдастыруымен «Жапониядағы академиялық ұтқырлық тәжірибесі» атты кеңейтілген кураторлық сағат өтіп, Жапонияда тілдік тағылымдамадан өткен студенттер ұстаздар мен студенттер қауымына баяндама жасады.

2014-2015 жж. оқу жылында Қиыр Шығыс кафедрасының 8 студенті мен 2 магистранты Жапонияның Цукуба университеті, Хоккайдо университеті және Токио шет тілдер университетінде бір жылдық тілдік тағылымдамадан өтіп келген еді.

Студенттер Жапонияның жоғарғы оқу орындарындағы оқу жүйесі, студенттік өмірдің қызықтарын баяндай отырып, тілдік тағылымдама барысында жинаған тәжірибелері мен әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар, жапон халқының ұлттық мәдениеті мен Күншығыс елінде жасаған саяхаттары жайлы да айтып өтті.

Қазақ Ұлттық Университеті ұсынып отырған аталмыш академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттеріміздің өз ісінің нағыз маманы және жан-жақты азамат болып шыңдалуына орасан септігін тигізуде.

Басылым күні :  06.11.2015