«Тіл құдіреті» ашық кураторлық сағаты

25 қыркүйекте Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында «22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер күні» мерекесіне орай «Тіл құдіреті» атты ашық кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағатқа 1-3 курс студенттері қатысты. Әсіресе, биыл кафедрамызға жаңадан түскен 1-курс студенттері көзге ерекше түсті.

Студенттер концерттік бағдарламаға сәйкес би билеп, ән айтып, қазақтың ұлттық аспабы-домбырада ойнап, өлең оқып өз өнерлерін ортаға салды. Мереке өте көңілді әрі қызықты өтті.

Басылым күні :  28.09.2015