ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНЕ ЖАПОН ЕЛІН ТАНЫСТЫРУШЫ - ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

2014 жылы 30 қыркүйек пен 10 қазан аралығында Қазақ Ұлттық Университетінің шығыстану факультеті «Корейтану және жапонтану» кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен және халықаралық Жапон тілі қорының қаржыландыруымен Қазақстанның батыс аймақтарында, атап айтсақ, Ақтөбе,Ақтау, Атырау қалаларында үгіт насихат жұмыстарын жүргізу бойынша іссапарлар өтті.Бұл іссапарымыздың мақсаты 2014-2015 оқу жылында жапон тіліне оқуға түскен 1 курс студенттерінің саны аз болғандықтан 2015-2016 оқу жылына факультетімізге әсіресе жапон тіліне жас түлектарді көптеп жинау болып табылады.

Қазақстанның батыс аймақтарының қалаларының көшбасшы лингвистикалық мектептерінен үгіт насихат жұмыстарына негізінен 10-11 сынып оқушылары жалпы 905 оқушы қатысты.Әр мектепке жеке жеке барып,мектеп басшылығымен оқушыларман танысып,Қазақ ұлттық университетін Шығыстану факультетін таныстырып, университетіміздің және факультетіміздің буклеттері таратылды.Оқуға түсуге және оқу барысына,оқу ақысына байланысты мектеп оқушылары мен оқытушыларының сұрақтарына жауап бердік.Осы іс шара халықаралық Жапон тілі қорының қаржыландыруымен жүргізіліп отырғандықтан шығыстану факультетінің жапон тіліне ерекше тоқталып,жапон елі мен тілі мәдениеті туралы презентациялар көрсетіліп, Жапон елінің дәстүрлі қағаз ойыны Оригамиді жасауды үйреттік.

Басылым күні :  25.02.2015