Кураторлық сағат «Жапониядағы академиялық ұтқырлық тәжірибесі»

2014 жылдың 7-қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті Корейтану және жапонтану кафедрасында 1-4 курс студенттері арасында Жапон қорының (Japan Foundation) өкілі, Айки Кайоның қатысуымен «Жапониядағы академиялық ұтқырлық» атты ашық кураторлық сағат өтті.

Іс-шараның мақсаты-студенттер мен магистранттарды Академиялық ұтқырлық туралы ережемен таныстыру, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Корейтану және жапонтану кафедрасы жапон бөлімінің академиялық ұтқырлық бағдарламаларының артықшылықтары мен ерекшеліктерімен таныстыру болып табылады.

Іс-шара МОН РК 105 күн бағдарламасы бойынша Хоккайдо Университетіне, Цукуба Университетіне тіл ұстартуға кетіп, қайтып оралған студенттер мен магистранттардың презентацияларын көрсету түрінде жүрді.

Басылым күні :  25.02.2015