«МЕН және КОРЕЯ» интеллектуалды ойыны

2014 жылдың 13-қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті Корейтану және жапонтану кафедрасы «Син сэдэ» ғылыми үйірмесінің аясында Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы жанындағы «Қазақстан кәрістерінің жастар қозғалысы» ұйымының қатысуымен 1-4 курс студенттері арасында «МЕН және КОРЕЯ» интеллектуалды ойынын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – факультет студенттерінің арасында корей мәдениетін тарату, топтың құрамында өз қабілетін көрсетуді дамыту, Кореяның тілі мен мәдениетіне, тарихына деген қызығушылықты арттыру, корейтану және жапонтану кафедрасын қоғамдық шараларға тарту болып табылады.

Сайыс интеллект-шоу түрінде өтті, әрі оған құрамы төрт адамнан тұратын төрт топ қатысты. Жеңімпаздарға дипломдар мен сый-сияпаттар берілді.

Басылым күні :  25.02.2015