Жапониядан келген Тецуро Гунджимамен кездесу

2014 жылдың 20-қарашасында Токио Мицубиси Банк өкілдігінің басшысы, Тецуро Гунджима мырзамен кездесу болды. Кездесу барысында Гунджима мырза жапон бөлімінің студенттерімен «Жапонияның елтануы» атты тақырыпта семинар жүргізді. Семинар кезінде «Біздің факультеттің түлегі жапон компаниясында жұмыс істей алуы үшін қандай құзіреттерге ие болуы керек?», «Жапон тілінің маманын қазіргі нарық қаншалықты қажет етеді?» деген сұрақтар көтеріліп, талқыланды.

Басылым күні :  25.02.2015