әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жапон қорының жаңа елшісі

Халықаралық Жапон қоры жиырма жылдан астам уақыт бойы Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының жапонтану бөлімінің тұрақты серіктесі болып келеді.

Осы уақыт аралығында Жапон қоры әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жапонтану саласын дамыту үшін жоғары кәсіби мамандарды жіберуде. Тәжірибелі мамандар жергілікті оқытушыларға жапон тілін оқыту методикасынан көмектесіп қана қоймай, оқу процесіне қажетті оқу құралдармен, сөздіктермен, оқулықтармен, аудио-видео материалдармен қамтамасыз етеді. Соңғы жиырма жылда Жапон қорынан кафедраға: Саккайда Т. (1995-1998 жж.), Мураучи (1998-2000 жж.), Оба (2000-2003 жж.), Итабаши (2003-2004 жж.), Ошима (2004-2006 жж.), Кукимото Мэгуми (2006-2007жж.), Судзуки (2008-2010 жж.), Ин Майко (2010-2013жж.), Айки Кайо (2013-2015жж.).

2016ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жапон қорының өкілі болу құқығына Хоккайдо Университетінің PhD докторы Ониши Юми ие болды. Осы күндері Ониши Юми ханым студенттермен танысу мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ   іс-сапармен келіп қайтты. Ониши ханым осы сапарында студенттерге жапон дәстүрлі мәдениеті «САДО» шай ішу рәсімін көрсетті. Жапонтану бөлімінің студенттері шай ішу рәсімімен танысып қана қоймай, кәсіби маман Ониши ханымнан сабақ алып, өздері практика жүзінде жасап көруге мүмкіндік алды.  

Басылым күні :  25.02.2015