Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы"мамандығы бойынша студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасы

1_ПОСТ. ДЕКАНАТА_от 14.02.2020.pdf

2020 жылдың 28-29 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің химия және химиялық технология факультеті «БЗХТ», «ОЗХТ» және «Химия» мамандықтары бойынша ХІІ Республикалық пәндік олимпиаданы онлайн форматта ұйымдастыруды қамтамасыз етті (Положение об Олимпиаде, Постановление).
Олимпиадаға қатысушыларды ұйымдастыруға және дайындауға аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасы да қатысты.
Бірінші айналым (командалық) - бұл Қазақстан Республикасының нақты өндірісінен технологиялық зерттеу мәселесін шешу.
Тапсырма «Катко БК» ЖШС-нің («КазАтомПром» ҰАК)техникалық сарапшысы, техника ғылымдарының кандидаты Кобжанов А.С. тұжырымдады және комиссия мүшелерімен құқрастырылды.
Екінші тур - 3 пән бойынша компьютерлік онлайн тестілеу:
1. Жалпы химиялық технология
2. Химиялық технологияның негізгі процестері мен құрылғылары
3. Бейорганикалық химия
Тест тапсырмалары ҚР БҒМ ЕАҚБ дайындық үшін мәліметтер базасынан алынды. Ең көп ұпай саны - 100 (100 сұрақ).
Олимпиаданың нәтижелерін жеке біріншілікте қарап, «БЗХТ» РПО комиссиясы шешім қабылдады:
1. Жолдас Қырмызы Шералықызы (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) ҚР БҒМ 1 дәрежелі дипломымен марапатталсын;
2. Сайнова Алина Айбекқызы (Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Қ.Жұбанов) ҚР БҒМ II дәрежелі дипломымен марапатталсын;
3. Рубанова (Стародубцева) Алена Анатольевна (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) ҚР БҒМ II дәрежелі дипломымен марапатталсын;
4. Торжанова Сания Бахытжангызы (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) ҚР БҒМ ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталсын;
5. Ермұхамбетова Алсу Асқарқызына (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) ҚР БҒМ ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталсын;
6. Шиянова Радмира Андреевна (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) ҚР БҒМ ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталсын;
Олимпиаданың нәтижелерін командалық біріншілікте қарап, «ХТНВ» РПО комиссиясы шешім қабылдады:
1. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Team Genius» командасы ҚР БҒМ I дәрежелі дипломымен марапатталсын;
2. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «ARGU-технологтар» командасы ҚР БҒМ II дәрежелі дипломымен марапатталсын;
3. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Комета» командасы ҚР БҒМ II дәрежелі дипломымен марапатталсын;
4. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Кристалл» командасы ҚР БҒМ IIІ дәрежелі дипломымен марапатталсын;
5. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Тұлпар» командасы ҚР БҒМ IIІ дәрежелі дипломымен марапатталсын.
 
ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 

Басылым күні :  16.12.2020