әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Химия және химиялық технология факультетінде, Химиядағы есептеу әдістері оқу зертханасында «AVEVA Group plc» Британиялық компаниямен бірлесе отырып 2020 жылғы 18 қарашада «AVEVA химия-технологиялық үдерістерін инженерлік жобалау орталығының» ресми ашылу рәсімі өтті.

Жоба мұнайгаз, энергетика, химия және кеме жасау өнеркәсібінде жобалау, инжиниринг және жобаларды басқару үшін кешенді IT шешімдердің ірі әзірлеушісі AVEVA Group plc қолдауымен іске асырылады. Жобаның негізгі мақсаты AVEVA технологиялары негізінде оқытудың заманауи бағдарламалары есебінен студенттер мен оқытушылардың білімдері мен дағдыларын жетілдіру болып табылады.

 


Басылым күні :  23.11.2020