«Косметика және тұрмыстық химиядағы жаһандық трендтер – 2023. Telko презентациясы» тақырыбына семинар

2023 жылдың 15 мамырында аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасы «Косметика және тұрмыстық химиядағы жаһандық трендтер – 2023. Telko презентациясы» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинар аясында Telko презентациясы ұсынылды, косметика мен тұрмыстық химия саласындағы әлемдік трендтер көрсетілді, «Шашқа арналған 2 фазалы кондиционер және беттерді жылтыратуға арналған лосьон» бойынша шеберлік сабақтары өткізілді.

Семинар «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» мақсатына қол жеткізу үшін Telko компаниясымен бірлесіп өткізілді.

Басылым күні :  31.05.2023