Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығында өндірістік тәжірибе

2023 жылдың 30 мамырында «Химиялық инженерия» мамандығының 2 және 3 курс студенттері Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығында өндірістік тәжірибеден өтуді бастады. Тәжірибе барысында студенттер химия өнеркәсібінің негізгі процестерімен және аппараттарымен танысады. Тәжірибе аясында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі А.А.Жарменовпен кездесу өтті. Студенттердің өндірістік тәжірибесі «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» тұрақты даму мақсатына қол жеткізу аясында ұйымдастырылады.


Басылым күні :  31.05.2023