Ұлы химиялық шоу

2023 жылдың 20 мамырында аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының оқытушылары «Smart Almaty» ЖШС мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультеті өткізген бірегей химиялық іс-шараға қатысты. Іс-шараға барлық жастағы оқушылар қатысты. Олар үшін оқытушылар құрамы химия әлеміне шынайы саяхат ұйымдастырды, соның арқасында олар күнделікті өмірде қолданылатын таңғажайып химиялық реакциялар мен процестермен танысты. Балалар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессорлық-оқытушылық құрамымен, оқу бағдарламаларымен және білім беру мүмкіндіктерімен танысу, сондай-ақ зертханалар бойынша қызықты квест-туры (жарқын химиялық реакциялары бар) Ұлы химиялық шоу тамашалады. Іс-шара «Сапалы білім» мақсатына жету аясында өткізілді.


 

Басылым күні :  31.05.2023