«Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы

2023 жылдың 6-8 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де жыл сайынғы «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы өтті. Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының оқытушылары конференцияның екі секциясын жүргізді:

Секция 3. Коллоидтық химия және полимерлер химиясы

Секция 4. Бейорганикалық және аналитикалық химияның заманауи мәселелері.

Конференцияға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінен бөлек, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, Сүлеймен Демирел университетінің, сондай-ақ Ташкент фармацевтикалық институты (Ташкент, Өзбекстан) және Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті (Ташкент, Өзбекстан) студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты. Осылайша, аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасы «Тұрақты даму үшін серіктестік» мақсатына қол жеткізу аясында басқа елдердің университеттерімен әріптестік байланыстарды дамытады.

Жеңімпаздар Дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Басылым күні :  12.04.2023