Химия және химиялық технология факультетінің ашық есік күні

2023 жылдың 25 ақпанында аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасы «Химия және химиялық технология факультетінің ашық есік күні» кәсіптік бағдар беру іс-шарасына қатысты. Осы шара аясында Алматы қаласының мектеп оқушылары үшін экскурсия ұйымдастырылып, кафедраның білім беру бағдарламалары мен кафедрада жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары таныстырылды. Ашық есік күні «Сапалы білім» мақсатын қолдау мақсатында өткізілді.


Басылым күні :  02.03.2023