«SCIENCE. RESEARCH. PUBLICATION.» атты Халықаралық қысқы мектеп

2022 жылдың 19-21 желтоқсанында аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасында «SCIENCE. RESEARCH. PUBLICATION.» атты Халықаралық қысқы мектеп өткізілді. Қысқы мектептің қатысушылары ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау, нәтижелерді дұрыс түсіндіру және жоғары дәрежелі журналдарда жариялау бойынша оқытылып, кеңестік және әдістемелік көмек алды. Қысқы мектептің спикерлері Қазақстанның және шетелдің жетекші ғалымдары болды. Қысқы мектепке Ташкент фармацевтикалық институтының, Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің, И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің, Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің, Мақтымқұли атындағы Түркімен мемлекеттік университетінің, Я.Какаев атындағы Халықаралық мұнай және газ университетінің және Қазақстандық жоғары оқу орындарының оқытушылары, қызметкерлері және докторанттары қатысты. Қысқы мектеп аралас форматта (онлайн және офлайн) «Сапалы білім» мақсатына жету шеңберінде өтті.

Басылым күні :  25.02.2023