Қазақстан коллоидтық химия мектебіне 50 жыл

Кафедрамызда 2023 жылдың 17 ақпан күні «Қазақстанның коллоидтық химия мектебіне – 50 жыл» мерейтойына байланысты халықаралық басқосу өтті. Кездесу басында профессор Тәжібаева С.М. қатысушыларды Қазақстанның коллоидтық химия мектебінің тарихымен таныстырды. Шараға еліміздің коллоидтық химия мектебінің түлектері мен шетелдік ғалымдар – Макс Планк университетінің профессоры Рейнхард Миллер (Германия), Батыс Шотландия университетінің профессоры Можтоба Мирзоян (Ұлыбритания), Ташкент фармацевтикалық институтының доценттері Муяссар Фатхуллаева, Рахматуллаева Мавжуда (Өзбекстан) қатысты. Сондай-ақ «Тұрақты даму үшін серіктестік» мақсатына бірлесіп қол жеткізу мәселелері талқыланды. Кездесуді Қазақстанның коллоидтық химия мектебінің негізін қалаушы, кафедрамыздың профессоры, химия ғылымдарының докторы Мұсабеков Қуанышбек Битуұлы нәтижелі қорытындылады.

 

Басылым күні :  23.02.2023